12
октябрь
2023
"Мамандық дегеніміз не?" танымдық сабақ
Мектептің кәсіби бағдар берушісі Сагимбаева Айжан Аманғажықызы бастауыш сыныптармен "мамандық дегеніміз не?" атты танымдық сабақ өткізді. Айжан Аманғажықызы оқушыларға слайд көрсете отырып, мамандық туралы таныстырып, ойындар ойнатып, тест арқылы бейіндерін анықтады. Сабақ соңында оқушылар өздерінің арман, тілектерін айтып, "менің арманымдағы мамандық" атты эссе жазды.