"Ғылыми жобалар конкурсы"
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының "Абай облысы Білім Басқармасының Үржар ауданының білім бөлімі" КММнің ұйымдастыруымен аудандық(қалалық) кезеңі өтті. Конкурсқа "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-бақшасы"КММнен ағылшын тілі пәні мұғалімі Айжан Аманғажықызының жетекшілігімен 9сынып оқушысы Абаева Дильназ қатысып, жүлделі І орын иеленді.