Мектебімізде ата-аналарды қолдау орталығы ашылды!
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-де ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды және орталықтың құрылуы туралы ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Орталықтың мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Орталық қызметі бойынша әр апта сайын ата-аналарға дәріс сабақтар өткізіледі.